Ересек адамдар мен 5 жастан асқан балалардың бас және қасаға биттері мен олардың жұмыртқаларын (сіркелерін) жоюға арналған спрей.
«Педикулен Ультра®» тарауға арналған бит тарақ қырылған биттер мен сіркелерден құтылуға көмектеседі. Педикулен Ультра арнайы бит тарағы қырылған биттер мен сіркелерді тікелей тарап тастауға арналған. Ыңғайлы пластикалық тұтқасы мен жиі орналасқан металл тістер барлық, тіпті ең ұсақ, қырылған биттер мен сіркелерді толығымен жояды. Тістердің ұштары бастың нәзік терісін жарақаттамау үшін арнайы мұқалған.
«Педикулен Ультра®» Үлкейткіш лупа дененің бетінде ұсақ жәндіктерді (биттер, кенелер) үлкейтіп көру және табу үшін өте қолайлы. Арнайы лупа өте ұсақ қырылған биттер мен сіркелерді көруге және олардан толығымен құтылуға және өңдеуді аяқтауға мүмкіндік береді.
Бастың шашын немесе дененің түкті бөліктерін (қасағалық педикулез кезінде), құралмен теріге аздап ысқылап, молынан ылғалдандырылады. Құралды жаққан соң 30 минуттан кейін, оны ағынды сумен дененің өңделген бөліктерінен шайып, содан кейін әдеттегі тәсілмен жуу керек. Қырылған жәндіктерді жою үшін бастың шашын жиі жүзді бит тарақпен тарап шығу қажет. Қайта жұқтырған жағдайда, өңдеуді қайталау керек.
Шашқа арналған 150 мл спрей. (Изопропил спирті, минералсызданған су, әніс майы, каприн қышқылы).
Бит тарақ, үлкейткіш лупа.
Пайдалану алдында қаптаманың ішіндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз! Құралдар туралы толығырақ ақпаратты Сіз олардың әрқайсысының қаптамасынан табасыз.
Құралмен жұмыс істеу кезінде резеңке қолғаптарды пайдалану және жеке гигиена ережелерін сақтау қажет.
5 жасқа дейінгі балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді, дене мен бастың түкті бөліктерінің аурулары мен зақымданулары, құрал компоненттеріне жоғары сезімталдық белгілері бар адамдарды өңдеуге болмайды.
Құралдың көз және мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабаттарына түсуін болдырмау үшін, шашты өңдеу алдында бастың айналасына (шаштан төмен) бұраумен ширатылған мақта-мата үшкіл орамал байлау керек. Пациент контактілі линзаларды қолданса, оларды құралды пайдалану алдында шешіп тастау қажет. Жыныс мүшелері мен аналдық саңылаудың шырышты қабатын сақтау үшін дәке немесе мақта тампондарын пайдалану керек.
Теріде қышыну, тітіркену немесе бөртпе белгілері пайда болған кезде затты дереу жуу керек. Қажет болған жағдайда дәрігерлік көмекке жүгінген жөн.
Құрал көздің, мұрынның және басқа да мүшелердің шырышты қабықтарына кездейсоқ түскен жағдайда оларды көп мөлшерде сумен мұқият жуу керек. Көздің шырышты қабықтарының тітіркенуі пайда болған кезде 20% немесе 30% натрий сульфацилінің ерітіндісін тамызады.
Педикулезбен зақымданған адамдарды жаппай өңдеу жүргізілетін үй-жайды мезгіл-мезгіл желдетіп отыру қажет.
Тыныс алу жолдары арқылы уланған кезде зардап шегушіні дереу таза ауаға шығару, ауызды сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен шаю керек. Дәрігерге жүгіну қажет.
Құралды кездейсоқ жұтып қойған кезде, асқазанды сумен немесе 2% ас содасы ерітіндісімен жуып тазартып, құсып тастап, содан соң адсорбент қосылған 1-2 стақан су ішу қажет.
ПІКІРЛЕР: