«Педикулен Ультра®» кондиционер-спрейі кез келген педикулицидті құралдармен өңделгеннен кейін шаш тарауды жеңілдетуге және бас терісін қалпына келтіруге арналған. Кондиционер бит тарақтың шашта жеңіл сырғуына ықпал етеді, сол арқылы шашты мұқият тарауға және қырылған биттер мен сіркелерді жоюға көмектеседі. Құрамына кіретін жожоба майы бас терісін тыныштандырады, қоректендіреді және қалпына келтіреді, шаштың құрылымын қалпына келтіруге көмектеседі, шаштың серпімділігі мен табиғи жылтырауын қайтарады.
«Педикулен Ультра®» тарауға арналған бит тарақ қырылған биттер мен сіркелерден құтылуға көмектеседі. Педикулен Ультра арнайы бит тарағы қырылған биттер мен сіркелерді тікелей тарап тастауға арналған. Ыңғайлы пластикалық тұтқасы мен жиі орналасқан металл тістер барлық, тіпті ең ұсақ, қырылған биттер мен сіркелерді толығымен жояды. Тістердің ұштары бастың нәзік терісін жарақаттамау үшін арнайы мұқалған.
«Педикулен Ультра®» Үлкейткіш лупа дененің бетінде ұсақ жәндіктерді (биттер, кенелер) үлкейтіп көру және табу үшін өте қолайлы. Арнайы лупа өте ұсақ қырылған биттер мен сіркелерді көруге және олардан толығымен құтылуға және өңдеуді аяқтауға мүмкіндік береді.
Кондиционер-спрей: Педикулен Ультра сусабынын ағынды суда жуғыш заттармен жуып тастағаннан кейін, Педикулен Ультра кондиционер-спрейін шаштың түбінен бастап ұшына дейін біркелкі жағамыз. Кондиционер бит тарақтың шашта жеңіл сырғуына ықпал етеді, осылайша шашты мұқият тарауға және қырылған биттер мен сіркелерден тез құтылуға көмектеседі.
Пайдалану алдында қаптаманың ішіндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз! Құралдар туралы толығырақ ақпаратты Сіз олардың әрқайсысының қаптамасынан табасыз.
ПІКІРЛЕР: