Ересек адамдар мен 5 жастан асқан балалардың бас және қасаға биттері мен олардың жұмыртқаларын (сіркелерін) жоюға арналған спрей.
Өте қалың және ұзын шашқа арналған 150 мл спрей.
Педикулен Ультра спрейі
Спрейді құрғақ шашқа түбінен ұшына дейін себу қажет. Ұзын және қалың шашты бір бұрымнан өңдеу керек. 30 минуттан кейін шашты ағынды сумен, әдеттегі сусабынмен мұқият жуу қажет. Спрейді қолданғаннан кейін қырылған биттер мен сіркелерді «Педикулен Ультра» бит тарағымен тарап тастау қажет.
5 жасқа дейінгі балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді, дене мен бастың түкті бөліктерінің аурулары мен зақымданулары, құрал компоненттеріне жоғары сезімталдық белгілері бар адамдарды өңдеуге болмайды.
Пациент контактілі линзаларды пайдаланған кезде құралды қолданар алдында оларды шешіп қою керек.
Құралмен жұмыс істеу кезінде резеңке қолғаптарды пайдалану және жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. 5 жасқа дейінгі балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді, дене мен бастың түкті бөліктерінің аурулары мен зақымданулары бар адамдарды, сондай-ақ құрал компоненттеріне жоғары сезімталдық белгілері бар адамдарды өңдеуге болмайды.
Құралдың көз және мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабаттарына түсуін болдырмау үшін шашты өңдеу алдында бастың айналасына (шаштан төмен) бұраумен ширатылған мақта-мата үшкіл орамал байлау керек. Пациент контактілі линзаларды қолданса, оларды құралды пайдалану алдында шешіп тастау қажет. Жыныс мүшелері мен аналдық саңылаудың шырышты қабатын сақтау үшін дәке немесе мақта тампондарын пайдалану керек.
Теріде қышыну, тітіркену немесе бөртпе белгілері пайда болған кезде затты дереу жуу керек. Қажет болған жағдайда дәрігерлік көмекке жүгінген жөн.
Құрал көздің, мұрынның және басқа да мүшелердің шырышты қабықтарына кездейсоқ түскен жағдайда оларды көп мөлшерде сумен мұқият жуу керек. Көздің шырышты қабықтарының тітіркенуі пайда болған кезде 20% немесе 30% натрий сульфацилінің ерітіндісін тамызады. Педикулезбен зақымданған адамдарды жаппай өңдеу жүргізілетін үй-жайды мезгіл-мезгіл желдетіп отыру қажет.
Тыныс алу жолдары арқылы уланған кезде зардап шегушіні дереу таза ауаға шығару, ауызды сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен шаю керек. Дәрігерге жүгіну қажет.
Құралды кездейсоқ жұтып қойған кезде, асқазанды сумен немесе 2% ас содасы ерітіндісімен жуып тазартып, құсып тастап, содан соң адсорбент қосылған 1-2 стақан су ішу қажет.
ПІКІРЛЕР: